Нұр-Сұлтанда суретшілер тұрғын үй кешенінің қасбетіне дәрігерлердің суретін салды

Dalanews 19 сәу. 2020 04:50 187

Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті (муралды) медициналық қызметкерлерге арнаған, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі.

– Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде.

Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат – дәрігерлерге алғыс білдіру!


Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы  үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз! – деді Кристина Бекмурзаева.

Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x