Назарбаева: «Димаш отандық аяқ киіммен сахнаға шықса жақсы емес пе?»

Dalanews 05 нау. 2020 04:31 214

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева отандық тауар өндірушілерді жұлдыздар қатысатын жарнамаға ақша аямауға шақырды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйіне арналған парламенттік тыңдауда Францияда тұратын қазақ кәсіпкер Мәди Сыпатаев сөз сөйледі. Қазақстандық Еуропада киім-кешек сатумен айналысатын сауда маркасының негізін қалаған. Астанаға келген ол қазақстандық тауар өндірушілермен жарнама мен маркетинг саласында өз тәжірибесімен бөлісті.

– Біз қазір Димаш Құдайбергенмен жұмыс істеп жатырмыз. Өнімді әлі шығармасақ та, Қытайдан көп тапсырыс түсіп жатыр. Дәл қазір біз осы тауарларды ішінара Қазақстанда да шығаруды ойластырып жатырмыз, – деді ол.


Айтуынша, танымал жұлдыздарды жарнамаға тарту өнімді ілгерілетуге, жалпы Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді.

– Жарнама мен маркетингтің қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін жарқын мысал. Табысты компаниялар үнемі өз брендін танытуға белгілі тұлғаларды таңдайды, – деді Дариға Назарбаева қазақстандық кәсіпкердің ұсынысынан кейін.

Сенат спикері елімізде жарнамаға тартатын жұлдыздар өнерде де, эстрада да, спортта та жеткілікті екенін атап өтті. Тек оларды өз тауарыңды жарналамау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақыру керек.

– Егер Димаш Құдайберген тек отандық фабрикасының аяқ киімімен сахнаға шықса, жақсы емес пе? Немесе тек отандық компанияның костюмін кисе. Сондай ақ, бұл салада спорт өнімдерін жарнамалайтын қаншама спортшы бар. Тек уақыт пен ақшаны аямау керек. Біздің жұлдыздар да бұған келіседі деп ойлаймын, – деді Назарбаева.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x