Айдың арғы бетінің алғашқы фотолары Жерге жолданды

Dalanews 09 қаң. 2019 03:51 337

Қытайдың ұлттық ғарыш басқармасы «Чанъэ-4» аппаратын Айдың жерге қармайтын арғы бетіне қондырып, алғашқы фотосуреттерін Жерге жолдады, – деп хабарлайды dalanews.kz сайты.

Көршілес елдің ғарыш басқармасы 3 қаңтар күні адамзатқа беймәлім болып келген Айдың арғы бетіне ғарыштық аппаратын қондырған болатын. Осылайша Қытайдың «Чанъэ-4» ғарыштық құрылғысы Айдың арғы бетіне сәтті қонған алғашқы аппарат ретінде тарихта қалайын деп тұр.


Мамандардың айтуынша, ғарыш аппараты Айдың арғы бетіндегі Эйткен бассейіне қонған. Алдағы уақытта ғарыш құрылғысы көптеген фотосуреттер түсіріп, Айдың арғы бетіннің геологиялық құрылымы жайында мәліметтер жинақтайтын болады. Сондай-ақ, «Чанъэ-4» төменгі толқынды радиоастрономикалық дыбыстарға бақылау жасайды деп күтілуде.

Осы ретте айта кетуіміз керек, «Чанъэ-4» 8 желтоқсан күні Қытайдың Сычуань провинциясында орналасқан Сичан ғарыш айлағынан аспанға көтерілген-ді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x