Әке – Асқар тау

Dalanews 31 желт. 2018 14:00 211

Бала мен әкенің арасындағы байланыстың тым тереңде жатқанын бүгінгі жастар көп сезіне бермейді. Әке қарғысынан қашып, алғысына бөлену – әрбір бүлдіршін жете түсіну қажет.

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тапсырысы бойынша «Space solutions» компаниясының  ұйымдастыруымен «Менің әкем» фильмі түсірілді.

Фильм сценарийінің басты мақсаты отбасында әке рөлінің маңызды фактор екендігін айқын көрсету, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау.


Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.

Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.


– Отбасын құру – үлкен жауапкершілікпен қарайтын дүние. Қазіргі қоғамда көптеген отбасының әлсіз тұстары тікелей әкеге байланысты болып келетіні рас. Әкенің рухани мықты болуы – болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне кепіл болмақ. Сол себепті қазақ жгіттері ерте бастан есейіп, ұлт қамы үшін өз миссиясын адал орындауы тиіс, – деді фильм режиссері Азамат Әбдікерімұлы.



2018 жылдың 19-27 желтоқсан күндері аралығында жоғары және орта оқу орындарының студенттері үшін «Менің әкем» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.

А.Ахметқазы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x