Дағдарыс кезінде қымбат қонақ үй салу – ысырапшылдық

Dalanews 14 там. 2018 09:49 283

Түркіменстан президенті Ашхабадтан құны жүздеген миллион доллар тұратын салтанатты қонақ үй салу туралы бұйрыққа қол қойған.

Қазір бұл елде экономикалық дағдарыс белең алып, айлық пен зейнетақы уақытында төленбей келеді.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының жазуынша, жаңадан салынатын "Қарақұм" бизнес орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталып, оның жанынан зәулім қонақ үй салынатын болады. Құрылысты түріктің "Rönesans Endüstri Tesisleri Inşaat Sanayi ve Ticaret A.Ş" компаниясы жүзеге асырады.

Құрылыс жұмысы 2018 жылдың қыркүйек айында басталып, 2021 жылдың ақпанында аяқталады деп жоспарланған.

9 қабат болатын қонақ үй 6,9 гектар жерді алмақ. Оның қонақ жайғасатын 87 бөлмесі болады. Айналасына сауда орталығы, мейрамханалар, сұлулық салондары салынбақ.

Билікке жақын дереккөздің мәліметінше, "Қарақұм" қонақ үйі құрылысының жалпы құны 300 миллион доллар тұрады.

Биліктегі құрылыс мекемесіндегі тағы бір дереккөздің хабарлауынша, түркімен билігі бастапқыда француздың "Буиг" компаниясымен келіссөздер жүргізген. Бірақ екі тарап ортақ келісімге келе алмаған. Кейін бұл жобаны түрік компаниясы қолға алған.

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x