Мұхамедиұлы Назарбаевты мақтап үлгермеді

Dalanews 21 мау. 2018 16:01 176

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікіріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

«Біз шетелде халықаралық конференциялар өткізгенде бәрі «бізде де осындай адам президент болса» деп жатады. Тіпті қазіргі президенттердің өзі  «бұрынғы басшымыз Назарбаевтай болғанда, елімізді гүлдендіре алар едік» деп отырады. Бұл біз үшін үлкен бақыт. Нұрсұлтан Назарбаевтай басшымыз бар біз бақыттымыз», – дейді Мұхамедиұлы.
Министр сөзін аяқтамай жатып залдағылар қол шапалақтап, қошемет білдірді.

«Әрине, біз Қазақстанды Назарбаевтың басқарғанын қалаймыз. Назарбаевтың басқаруындағы ел үлкен жетістікке жетеді. Залдағылар да мені қолдайды деп ойлаймын. Бұл менің ойым», – дейді министр.

Бұған дейін ҚР парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы болатын президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды деп ойлайтынын айтқан еді.

https://dalanews.kz/36665

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x