Қазақстанда қамыстан қағаз өндіретін зауыт салынады

Dalanews 25 мам. 2018 11:03 309

«Kazakh Invest» компаниясы басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытайдың «Qifeng New Material» компаниясының басшысы Ли Хуфенгпен кездесті.



Кездесу барысында қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Инвестор жобаға кезең-кезеңмен 320 млн долларды салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісінің көлемі жыл сайын 200 мың тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыңнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарлануда. Өндірісте қағазды ағартудың хлор құрамынсыз экологиялық технологиясы  – ECF (Elementary Chlorine Free) маркерлеуімен қолданылатын болады.

«Qifeng New Material» өкілдері шетелдік компанияларға ұсынылатын инвестициялық преференциялармен танысты. «Kazakh Invest» компаниясының өкілдерімен бірлестікте жобаны іске асыратын орын таңдау үшін бірқатар өңірлерге бару жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x