Назарбаев жалақысы аздарды қалай жарылқамақ?

Dalanews 05 нау. 2018 07:27 272

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана алуды ұсынамын», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айта кетерлігі, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.
Осы орайда Елбасы осындай төмендеуден босатылған қаржы олардың еңбегін төлеуді арттыруға бағытталуы қажет екенін атап өтті.

«Нәтижесінде жалдамалы жұмысшылардың үштен бір бөлігінен кем емесі, яғни екі миллионнан астам адамда еңбекақысы жұмыс берушілерге еш жүктемесіз өсетін болады. Ары қарай Үкіметке табыс салығының прогессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x