Жаманқұлов: "Еңліктің сөзін сөйлегенім үшін Арыстанбек ізіме түсіп алды"

Dalanews 17 ақп. 2018 09:50 353



ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай балағаттап тастағанын айтып берді.




«TalkLIKE» жобасында қонақта болған актер өзінің не үшін сотталғанын, Арыстанбекпен не үшін араздасқаны туралы ашып айтты.


Т.Жаманқұловтың айтуынша,
министрмен арадағы дау сәл ертеректе басталған екен.

Бұл туралы актер сотқа дейін де айтқаны есте. Яғни, бар мәселе студенттерге бөлінген гранттан басталған. Ол кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнер академиясының ректоры еді.

«Бар болғаны 12 грант. 11 адамның тізімін берді "осыларды өткіз" деп. Мен қарсы шығып, адамгершілікпен адам қабылдайық дегенмін. Сөйтіп, оны тыңдамадым да талапкерлердің өнеріне қарап 2-3-еуін өткізіп жібердім. Сосын маған түн ішінде телефон соғып, айқайға басты. Мен де ашуға беріліп, орысша үш әріпке айтып жібердім оны. Енді ер адамның бәрінде болады ғой мұндай жағдай. Кейін бірақ артық кеткенімді түсініп, ертесіне барып кешірім сұрадым», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Мұнан кейін осы оқу орнын бітірген Еңлік Сыдықова есімді бойжеткеннің мәлімдемесі жарық көрген болатын.

Ол Арыстанбектің өзіне азғындық көрсеткенін айтып, видеоүндеу арқылы шағым жасаған еді. Артынша Жаманқұлов Еңліктің сөзін сөйлеп, министрді ашық айыптады.

«Осы жағдайдан кейін ол менің әр қадамымды аңдып, ізіме түсіп алды», – дейді ол.

«Министр менің басымдағы жағдайды өз қолыменен, өзінің лауазымын пайдаланып, Елбасының ықыласын пайдаланып, осы нәрсеге нақақтан нақақ барып, өш алды.
Менің үндеуім Елбасына жеткен жоқ. Жетсе де, Арыстан мырзаның үндеуімен жетті деп ойлаймын.

Ол басқаша жағдаймен жеткізіп отырды», – деді актер.

Ол сондай-ақ, өзіне тағылған айыптардың бәрі жала екенін айтып отыр. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы судьяға ықпал етті дейді ол.

«Маған оқылған сот үкімінде атақ-даңқты алып тастау туралы бірде-бір сөз жоқ. Үкіметтің ақшасын шашып жіберді дегендей нақақтан нақақ тағылған айып.
Мен қаржыға араласқан адам емеспін.

Мен қорықпаймын, Мәдениет министрінің өзі соттарға, тергеушілерге жеке тапсырма беріп отырғанынан хабардармыз. Мен ешқандай ақша жымқырған жоқпын. Дәлелденген де жоқ. Бәрі бос сөз.

6 айдай сот болды. Бәрі де нақақ жала ойдан шығарылған. Және маған шығарылған үкімді судья ұялыңқырап, жерге қарап отырып, іштей жылаған да болар, тапсырысты орындауменен оқыды», – деп сөзін жалғады актер.

Еске салайық, 2016 жылы Тұңғышбай Жаманқұлов фильмнің түсіріліміне бөлінген 79 миллион теңгені қалтасына басты деп айыпталып, шартты жазаға кесілген болатын.


Дереккөз: sn.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x