Жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші ашылды

Dalanews 23 қаз. 2017 04:45 207

Жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы жастар саябағында ашылды. Бюст «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде меценат қаржысына жасалды. Осы айтулы қуанышпен көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара әнші Қайрат Бектұрсынның орындауындағы Жамбылдың «Ақындарға арнау» атты термесімен ашылды.



– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», - деген еді. Осы бағдарлама аясында қолға алынған игі істердің бірі бүгінгі шара деп біліңіздер.Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Ендеше сол ескерткіші қойылған тұлғаның өзі халықтың мұрасына айналды деген сөз. Осындай игі шараны қолға алып, белсенділік танытып, жеке қаражатын бөліп отырған жергілікті азаматтарға көпшіліктің атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді Ж.Омар құттықтау сөзінде.

Мұнан соң Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин сөйлеп, жас ақын Жамбыл Дүйсенов жырауға арнаған өз өлеңін оқыды. Ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылды.

Жалпы, ескерткіш бюст меценаттардың 4,6 млн. теңге қаржысына жасалған. Ескерткіш авторы – Нұрғалым Исабаев. Бюст қоладан құйылған, постаменті – мәрмәрдан, биіктігі 5 метр. Ауласы абаттанданырылған, тянь-шань шыршалары отырғызылып, гүлзар жасалған.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x