Тәжікстан мектептерінде ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынды

Dalanews 17 шіл. 2017 11:14 240

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі мектептегі жөндеу жұмысына ата-аналардан ақша жинауға тыйым салды. Министрдің қаулысы республикадағы барлық мектептерге таратылды, деді мекеме қызметкері Икромиддин Донахонов.

Қаулыға сәйкес, мектепте жөндеу жұмыстарына, жиһазға, еден жуушылар мен күзетшілердің айлығына, мұғалімдерге сыйлық алуға ақша жинауға тыйым салынған.

Бұған дейін Душанбе мэрі Рустам Эмомали ата-аналардан мектептер мен бала бақшалардағы жөндеу жұмыстарына ақша жинауға рұқсат бермеген еді.

Тәжікстанның кейбір мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда жөндеу жұмыстарына деп ақша жинай бастаған. Қала басшысының хатынан соң, ол ақшаларды иелеріне қайтарып берген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x