Димаш Ева Лонгорияның арманын орындады (видео)

Dalanews 17 мам. 2017 04:19 248

Димаш Құдайбергенді америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын.

Димаш Құдайберген Парижде Global Gift Gala қайырымдылық кешінде әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, ән шырқады.  Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Global Gift Gala қайырымдылық кешіне белгілі америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын. Димаш кеште All by myself әнін орындады. Айта кетейік, бұл әнді Димаш Қытайда Singer байқауында тоғызыншы турда шырқаған еді.

https://www.instagram.com/p/BULVL6_FCCw/

https://www.instagram.com/p/BULSf7mlRFU/?taken-by=dimashworld

https://www.instagram.com/p/BUKqr-Qljhs/?taken-by=dimashworld

https://youtu.be/k9X-k4RXZiU

https://www.instagram.com/p/BULVL6_FCCw/?taken-by=dimashworld

Global Gift Gala қайырымдылық кешінде Димаш әртіс, продюсер Мария Бравомен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті.

https://www.instagram.com/p/BUKWnUygHcr/?taken-by=globalgiftfoundation

https://youtu.be/gQylhh8uzT8

Айта кетейік, Global Gift Gala — мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат еткен халықаралық бастама. Бұл шара Global Gift Foundation бастамасымен өтеді. Әр жылдары бұл шараға Виктория Бекхэм, Рики Мартин, Николь Шерзингер және тағы басқа жұлдыздар қатысқан.

Гала-кештің ұйымдастырушысы — америкалық әртіс және продюсер Ева Лонгория. Оның өз қайырымдылық қоры The Eva Longoria Foundation бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x