Макрон жеңді

Dalanews 08 мам. 2017 04:15 311

Францияда өткен президент сайлауында ел аумағындағы және шет елдердегі сайлау учаскелеріндегі бюллетендердің 99,9 пайызы саналып, кандидат Эммануэль Макрон 66,06% дауысқа ие болғаны мәлім болды.

Оның қарсыласы - Марин Ле Пенге сайлаушылардың 33,94%-ы сенім білдірген.

Бұл жолғы ел президенті сайлауында дауыс бермеген француздар (25,38%-ы) мен толтырылмаған және бүлдірілген бюллетендер санының көптігі сондай, рекордтық көрсеткішке жетті.

Францияның ішкі істер министрі ресми түрде Макронды бұл сайлауда жеңіске жетті деп мәлімдеді.

39 жастағы Макрон ел тарихындағы ең жас президент болып отыр. Макронның штабы сайлау нәтижесі жарияланбай жатып-ақ өз жеңісіне сеніммен, тойлауды бастап кеткен. Ол осыған дейін Ангела Меркель, Тереза Мэй, Дональд Трамп және канадалық премьер Джастин Трюдодан құттықтау алып үлгерген.

 

 Дереккөзі: inform.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x