Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінде қандай өзгеріс бар?

Dalanews 02 мам. 2017 03:41 233

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үстіміздегі жылдың 3-ші сәуірінен бастап депозит ашуға және келісім-шарт сомасын ұлғайтуға тағайындалған комиссия көлемін 0 теңге қылып бекіткеннен бері, жаңадан ашылған жинақ салымдарының саны күрт артты.

– Біз бұл комиссияның психологиялық және қаржылық тұрғыда өз клиенттерімізге кедергі болып келгенін жақсы түсінеміз. Сондықтан, сәуірден бастап комиссия алмайтын болдық. Бұл біз жоспарлағандай тиімді әсерін берді, яғни жаңадан ашылып жатқан депозиттер көлемі өсуде. Сонымен бірге, комиссияның жойылуы белгілі-бір мерзіммен шектелетін науқан емес, бұл тұрақты түрде жұмыс істейтін болады, – деді, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұрын аталған қызметтер үшін комиссиялық алымның мөлшері  шарттық соманың және депозитті толықтыру сомасының 0,55%-ын құраған еді. Осыған байланысты, көптеген салымшылар депозиттің шарттық сомасын 1 млн. теңгеден асырмай келген. Ал, бұл өз кезегінде баспана алу үшін жеткіліксіз болып келді.

Егер 2016 жылы күнделікті орта есеппен 1 мың ТҚЖ шарты жасалған болса, ал ағымдағы  жылдың 3 сәуірінен бастап күнделікті ашылған депозиттердің орташа саны 2,9 мың бірлікті құрап отыр. Комиссияны алып тастаған сәттен бастап,  барлығы 50 мың депозит ашылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x