Қайрат Нұртастың мобильді қосымшасы шықты

Dalanews 29 нау. 2017 06:49 183

Белгілі әнші Қайрат Нұртас өзінің мобильді қосымшасын шығарды. Енді эстрада жұлдызының тыңдармандары әншінің әндері мен оған қатысты жаңалықтарды осы қосымшадан таба алады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл жаңалықпен әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Мобильді қосымша қос тілде – қазақ және орыс тілдерінде жасалған.

Қосымшада Қайрат Нұртастың әндері мен альбомдары, оған қатысты БАҚ беттерінде жарияланған жаңалықтар, әншінің қолға алған жобалары бар. Бұған қоса, осы қосымша арқылы әншіні түрлі іс-шараға шақырып, тапсырыс беруге болады. Кез келген адам жаңа қосымшаны ұялы телефонына жүктей алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x