Түстерді 100% анық көрсететін теледидар шықты

Dalanews 14 ақп. 2017 11:01 141

Samsung компаниясының жаңа QLED теледидары әлемде алғаш рет түстерді жүз пайыз нақтылықпен көрсетеді.

CES 2017 көрмесіне қойылған теледидар Verband Deutscher Elektrotechniker (VDE) тестілеу және сертификаттау қауымдастығының сараптамасынан өтіп, түстерді 100 пайыз нақты көрсетеді деген баға алды, деп жазады компанияның Алматыдағы өкілдігі.

Түстің көлемі (Color Volume) –түстерді көрсетудің маңызды жаңа көрсеткішіне айналды. Осы талап арқылы түстердің қамтылуы (Color Gamut) мен үш өлшемді кеңістіктегі ашықтықтың деңгейі анықталады. Түстердің қамтылуы теледидар экраны көрсете алатын түстердің түрлерін максималды көрсетеді. Неғұрлым ашықтық мол болса, соғұрлым түстің анықтығы болады.

“Түстердің 100 пайыз көрсетілуі, мәселен, әдеттегі теледидарда екі өлшемді кеңістікпен өлшенсе, QLED теледидарларында заттың түсін көрсетуде үшінші 3D өлшем де ескеріледі”, – делінген компанияның хабарламасында.

Дереккөз: Naryk.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x