Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Дубайда саяхаттап жүр

Dalanews 11 қаң. 2017 16:53 256

Эстрада жұлдыздары қысқы демалыстарын шетелде өткізуді әдетке айналдырған. Олардың басым бөлігі қақаған қыс ортасында отбасын алып жылы аймақтарға қарай бет алады. Олардың қатарында танымал әнші Сәкен Майғазиев те бар. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші жұбайы және қос бірдей бүлдіршінімен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде саяхаттап жүр.

Ол қыздары Раяна мен Мәрияммен бірге елге сәлем жолдады.

Сондай-ақ, Майғазиев биыл жұбайымен отасқанына 20 жыл толатынын айтып тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Желі оқырмандары Майғазиев пен оның жұбайы Динараның бір жастықта қартаюын тілеп, ақ тілектерін жолдады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x