Тоқтар Серіковті кім балағаттап жүр?

Dalanews 04 қаң. 2017 15:37 241

Тоқтар Серіков өзінің жеке концертінде неліктен ауыл ақсақалының ашуына тигенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, Қарағанды облысына жасаған гастрольдік сапары кезінде ол өте қызықты оқиғаға тап болған.

Ән салып тұрған әншінің жанынан бір ақсақал өтіп бара жатып, оны балағаттап кеткен екен.

– Ақсақалдың мені неліктен елдің көзінше әкемнен боқтап кеткенін білгім келді. Ақсақалды тоқтатып, одан мән-жайды сұрадым. Сөйтсем ақсақалымыз менің «Көршінің қызын» айтпағаныма ренжіпті, – дейді әнші. Бұдан кейін ақсақалды ашуландырып алған әнші халық сүйіп тыңдайтын «Көршінің қызы» әнін орындап беріпті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x