SCAT әуекомпаниясының Ақтау-Сочи және Ақтау-Батуми жаңа бағыттары

Dalanews 05 мау. 2016 21:49 252

 

5 маусым күні SCAT әуекомпаниясы жаңа халықаралық бағыттар бойынша Ақтау-Сочи және Ақтау-Батуми тікелей тұрақты рейстерін ашты, аталған рейстер Қазақстан және Ресей, Грузия мемлекеттері арасындағы транспорттық бағыттың маңызды кезеңінің бастамасы болды. Жазғы туристтік маусым басында кездейсоқ ашыла салмаған курорттық бағыттар Қазақстан Республикасының тұрғындарына саяхат пен демалыс картасындағы жаңа нүктелерді ұсынып отыр. Қара теңіз жағалауындағы ең танымал қалалардың біріне рейстер әр жұма мен жексенбі күндері жайлы Boeing 737 лайнерімен жүзеге асырылады. Жаңа рейстің қолжетімді болуы үшін Шымкент, Астана, Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларынан Ақтау қаласы арқылы қолайлы тоғысулар ұйымдастырылды.

Рейстің қолжетімді тарифтері қазақстандықтар үшін осы бағыттың жаңа ұнамды жазғы маршрутқа айналуына мүмкіншілік береді. Ақтау қаласынан Сочиға дейінгі билет құны 56 650 теңге, ал Ақтау-Батуми бағытындағы билеттерді барлық алымдарды қоса алғанда 45 000 теңгеден бастап алуға болады.

Толық ақпаратты сіздер қоңыраулар орталығының +7 (7252) 99-88-80 нөмірі бойынша немесе әуекомпанияның ресми www.scat.kz сайтынан ала аласыздар.

Қазақстанның барлық тұрғындарын жаңа халықаралық рейстің ашылуымен құттықтаймыз!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x