К.Сағадиев: "Жердің қадірін білмейтін елдердің қатарындамыз"

Dalanews 21 мам. 2016 14:24 153



Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшелерінің бірі Кенжеғали Сағадиев Қазақстан жерді ең тиімсіз пайдаланып отырған елдердің қатарында деген пікір білдірді. 

Сондықтан өнімділікті арттыру мақсатында жерді қазақстандықтарға сатуды қолдайтынын айтты. Алайда кадастрлық бағасы қайта қаралуы тиіс деп есептейді.

Кенжеғали Сағадиев, комиссия мүшесі:

— Жер – халықтың өмір сүретін ортасы. Кәсіп жасайды онымен. ЖІӨ-нің 17%-ын осыдан алу керек болатын еді, 4% төмен алып келеміз. Жерді ең тиімсіз пайдаланатын елдер қатарындамыз.

Пікір әр түрлі, сондықтан комиссия отырысы әзір аяқтала қоймайтын секілді. Айта кетейік, бүгін дөңгелек үстел басында комиссия мүшелерінің барлығы дерлік жиналмады. 75 адамның жетеуі түрлі себептермен отырысқа қатыспай отыр. Оның екеуі өз еркімен бас тартқан.

Дереккөз: jerturaly.kz




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x