Жер жөніндегі комиссия маусымнан бастап өңірлерді аралайды

Dalanews 19 мам. 2016 22:50 235

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссия маусым айынан бастап өңірлерді аралайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Маусым айынан бастап өңірлерге шығуды жоспарлап отырмыз. Өңірлерге шыққанда әкімдіктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестермен бірлесе отырып, сол жердегі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып осы мәселені әрбір өңірде талқылап шығамыз»,-деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Комиссия төрағасы атап өткендей, келесі отырыстардың барлығы белгілі бір бағытқа арналып, өтеді. Мысалы, осы сенбідегі жер комиссиясының отырысы Жер кодексінде жерді сату мәселесі жоқ екенін талқылап, түсіндіруге арналады.

 

Қазақпарат


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x