«Елбасы жолы» кинотуындысы жарыққа шығады

Dalanews 17 мам. 2016 04:09 286

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Елбасы жолы" кинотуындысының жаңа бөлімі не туралы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеудің Кино үйінде өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірлік жолын баяндайтын "Жұлдыздар тоғысқанда" көркем фильмінің көрсетілімі барысында Мұхамедиұлы алдағы жоспарлар туралы айта кетті.

Тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол келесі картинаның Қазақстанның жаңа елордасы Астана қаласының құрылысы жөнінде болатынын жеткізді.

nazarbayev dalanews

Бесінші бөлімге келер болсақ, фильмнің режиссері Сергей Снежкин Қазақстанда өткен көрсетілімге көңілі толғанын айтты. "Бұл үш сағатқа созылған эпостық картина. Өте күрделі бұл картинаны біз екі жыл бойы орыс-қазақ-неміс-кәріс ұжымымен, америкалықтармен, ағылшындармен, қытай, араб актерлерімен түсірдік. 26 сәуірде Астанада өткен алғашқы көрсетілім кезінде қатты қуандым. Залдағы көрермендердің алған әсері керемет болды", - деді режиссер.

Басты рольде ойнаған Берік Айтжанов болса картинаны түсіру барысында өте қобалжығанын айтты. "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ролін сомдау мен үшін үлкен абырой, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік. Түсірілім тобына, оның ішінде Сергей Олегович Снежкинге алғыс айтқым келеді", - деді Айтжанов.

Айта кетейік, "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің түсірілім жұмыстарына мемлекет 1 миллиард 200 миллион теңге бөлді. Картинаны түсіруге демеушілердің қаражаты да жұмсалды.

Айта кетейік, лента кинотеатр экрандарына 28 сәуірде шықты.

 




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x