Порошенко Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Dalanews 18 сәу. 2016 21:58 176



Украина президенті Петр Порошенко телефон арқылы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп, тез арада Надежда Савченконы босатуды сұраған. Бұл жөнінде Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.





Сөйлесу кезінде Украина тарапынан сотталған ресейлік әскерилер Евгений Ерофеев пен Александр Александровтар жайын да талқылаған.

Ұшқыш Надежда Савченкоға Ростовтағы Украинаның бас консулын жіберу жөнінде келісімге келген. Савченконың денсаулығы күрт нашарлап кетуіне байланысты Порошенко оған украин және неміс дәрігерлерін жіберуді сұраған.

Киевтің Голосеев соты дүйсенбі күні Ресей азаматтары Евгений Ерофеев пен Александр Александровты 14 жылға бас бостандықтарынан айырып, мүліктерін тәркілеу жөнінде шешім шығарған.

Украина президенті Петр Порошенко Ерофеев пен Александровты Ресейге Надежда Савченкоға айырбастайтынын бірнеше рет мәлімдеген.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x