"Үш жүзге аты мәлім Балуанш Шолақ" концертіне келіңіз!

Dalanews 15 сәу. 2016 23:24 173

2016 жылы, 20 сәуір күні, 19.00-де «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан «Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ» атты ән кешін өткізеді.

banner (1)«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010 жылдан бері дәстүрлі ән-күй кештерін ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, Біржан сал (2010), Ақан сері (2010), Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012), Жаяу Мұса (2013), Сәкен Сейфуллин (2014) әндерінен жеке-жеке концерттер, Тәуелсіздік жолында құрбан болған композиторлар шығармашылығы бойынша «Азат рухтың алдаспандары» (2012) концерті, жылқы туралы әндер мен күйлерге негізделген «Дүлдүл ән мен пырақ күй» (2014) атты концертін ұйымдастырған едік.

«Ұлы дала дауылпаздары» жобасының аясында, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2016 жылы 20 сәуір күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кешін өткізуді жоспарлап отыр. Концертте Балуан Шолақ өмірінен қысқаша қойылым көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, белгілі режиссер Есмұқан Обаевтың «Жаужүрек» спекталінен үзінді берілмек. Сахна көркем Көкшетаудың әсем табиғаты үлгісінде безендіріледі. Концерттің тағы бір басты ерекшелігі – Балуан Шолақ бабамыздың мүлде беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сахнада орындалатын болады. Ән кешіне Ғалым Мұхамедин, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда, Нұргүл Әкімқожина, Ерлан Ырысқали, Талғат Әбуғазы, «Арнау» фольклорлық ансамблі, Саят Нұрғазин, Жасұлан Сақаев, Бақтияр Ақымжанов және тағы басқа өнерпаздар қатысады.

Билеттер Ғ.Мүсірепов балалар мен жасөспірімдер театрының кассасында сатылады: 
271-42-37

Байланыс: 87007779086, adyrna@bk.ru

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x