Қазақ олигархы Швецияны шулатты

Dalanews 12 сәу. 2016 08:12 219

Еліміздегі белгілі кәсіпкер Сержан Жұмашев швед банктерінің бірінен 366 млн долларды салық төлемей алған. Панамадағы  заң фирмасының құжаттары жарияланып кетуі осындай деректі жарыққа шығарды.

Сaravan.kz сайтының Швециядағы Аftonbladet басылымына сілтеме жасай отырып жариялаған хабарында Nordea банкі Мәскеудегі бір құрылыс нысанын салуға 3 млрд крон (около $366 млн) қарыз берген. Осы қаржы бірқатар фирмаларды аралап шығып, ақыры соңында қазақ олигархы Сержан Жұмашевтің қолына тиеді.

Скандинавиялық банк өз клиенттеріне оффшор аймақтарында жалған фирма құруға көмектескен. Ал панамалық Mossack Fonseca құқықтық тұрғыдан қолдау жасап отырған.

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің құрамына кіретін С. Мұқашев девелопмент яғни жылжымайтын мүлік нысанын салумен айналысатын Capital Partners компаниясын басқарады. Компания  Мәскеуде бірқатар ірі нысандарды, сондай-ақ, Алматыда «Есентай Тауэрс» бизнес-орталығын тұрғызды.

 

Дереккөзі: jasqazaq.kz

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x