Қазақ тілі есебінен «уақыт үнемдеу» әдетке айналып барады

Dalanews 12 сәу. 2016 07:33 871

«Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев «уақытты үнемдеу» деген желеумен баяндамасының басым бөлігін орыс тілінде жасады.

Осыны аңғарған журналистер Хромтау ауданының әкімдігінде өтетін отырыстарда да оның орыс тілінде сөйлейтінін бетіне басты. «Тіл сындыру үшін кітап оқисыз ба? Қандай кітаптар оқып жатсыз?» деп сұрады журналистердің бірі.

– Мен күнделікті «Егемен Қазақстан» газетін алып оқимын. Жыл сайын «Ана тілі» газетін жаздыртып алып жүрмін. Ол газетті үнемі оқып жүремін, – деді Аязбай Османғалиев.

 

Асқар Ақтілеу

(мақаланың түпнұсқасындағы тақырыбы "Тіл сындыру үшін Хромтау ауданы басшысы газетоқитын болып шықты")


Дереккөзі: jasqazaq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар