Халықаралық ІТ университетінің алғашқы докторанттары

Dalanews 03 ақп. 2016 07:50 203

Халықаралық ІТ университетінің ұстаздары Нұржан Мұқажанов, Сырымбек Ысқақов, Әлім Хамитов, Бикеш Кұрманғалиева Ақпараттық жүйелер мен Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне жетуге жол ашатын Диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады!

Айта кетелік, Халықаралық ІТ университетінде докторантура 2012 жылдан бастап Ақпараттық жүйелер мен Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Докторантураға қабылдау Мемлекеттік білім гранты бойынша жүргізіледі. Философия докторантурасы PhD-да ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау тек қана күндізгі бөлімде және нақты белгіленген мерзім бойынша жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы: +7(727) 320-00-00 немесе +7(727) 320-00-01


           Мекенжай: 050040  Алматы қ., Манас/ Жандосов көш., 34 «А»/8 «А»


           Эл. почта: info@iitu.kz


 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x