Ұлтымның ұмытылмас қазынасы

Dalanews 28 мау. 2015 09:10 402

6669Танымы мол, тарихы тереңде жатқан , ұлттық салт - дәстүрдің ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны зор. Жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін байытуда, қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын, наным - сенімдерін, ұлттық ыдыстары мен киім кешектерін, ат әбзелдері, ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары, сәлемдесу әдептері, қол өнер бұйымдары, қазақтың қара шаңырағы қара кигіз үйдің құрылысы , қала берді үй жиһаздары,ұмытылған салт-дәстүрлері сияқты ата салтымызды жаңғырту мақсатында Ақсу қаласы білім бөлімінің қолдауымен этно лагердің әр ауылда бой көтеруі құптарлық жай, әрине.

Ұлттық рухымызды өсіп келе жатқан жеткіншектердің бойына сіңіріп, ана тіліміз бен әдебиетімізді, ата бабалардың тарихын, өнерін, өнегесін қастерлеп, ғасырдан-ғасырға жалғасқан халықтың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы , қолда бар халықтың асыл мұраларын тәрбие көзі ретінде талапқа сай қолдануымыз керек.

Этно мәдени лагердің ашылу барысында мектеп мұғалімдері мен бірге оқушылар кигіз үйдің құрылысын, құру әдіс тәсілдерін байқап тамашалады, үйренді деуге де болады. Ішкі жиһаздарын жинау барысында қыздар жағы да қызықтап, өздері кигіз үйдің осынша ою-өрнектермен әшекейленген кезде, түс кигіздерді ілгенде таңырқап, тамсана қарады.

Салтанатты ашылу рәсімінде «Аластау»,»Шашу», «Қонақ кәде», «Тойбастар» жасалып оқушылар тойбастарды мен айтамдалап, бір- біріне кезек бермеді . Тойбастар айтылып,қонақ кәдесі жасалып, ұлттық сусыны қымыздан ауыз тиіп, әдеп-ғұрыптармен жалғасын тапты. Бала тәрбиесіндегі қырқынан шығару, тұсау кесу, ашамайға мінгізу баланың сана сезімін жетілдіру үшін жасалатын тағы да басқа салт дәстүрлерді лагердің тәрбиешілері мен оқушылары үлкен ыждаһаттылықпен көрсете білді.

Сонымен бірге қазақтың ұлттық «Арқан тарту», «Теңге алу», «Аударыспақ» ойындары ойнатылды. Салтымыз, дәстүріміз, ұлттық қазынамыз ұмытылмай жалғасын таба берсін дегім келеді.

Қ.Қамзин атындағы орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сергазина Диара Ермекбайқызы




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x