Top Gear-дің жаңа жүргізушісі

Dalanews 27 мау. 2015 12:04 289

BBC арнасының автокөлікке арналған Top Gear бағдарламасын Крис Эванс жүргізетін болды. Бағдарламаның жаңа түсірілімдері алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Дүниежүзінің 200 елінде таралатын танымал бағдарламаны тізгіндеуге кіріскен Крис Эванс осыған дейін қалыптасқан қағидаларды сақтай отырып, шоу-бағдарламаға жаңаша сипат беретінін мәлім етті. Осыған дейін Top Gear бағдарламасын жүргізіп келген Джереми Кларксон продюсер Ойсин Тимонмен дауласып, жұмыстан кетіп қалғаны белгілі. Міне, содан бері әйгілі бағдарламаны кім жүргізетіні көпшілікті қатты қызықтырған еді. Джереми Кларксон кеткеннен кейін BBC арнасы биылдыққа жоспарлаған 100 млн. доллар табысынан қағылғаны белгілі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x