Джеки Чан нашар әке ме?

Dalanews 27 мау. 2015 11:27 217

Қытайдың әйгілі актері Джеки Чанды отбасылық өмірде жолы болмаған жандардың қатарына жатқызуға болатын шығар. Өйткені ол өзінің ұлы мен қызына дұрыс әке бола алмады. 


Осыдан біршама уақыт бұрын оның ұлы есірткімен ұсталып, актердің абыройын айрандай төккен еді. Енді оның некесіз әйелінен туған 15 жасар қызы Эт У Чжолинь Джеки Чанды туған әкесі ретінде елестете алмайтынын ашып айтты. «Джеки Чан менің биологиялық әкем болса да, оны ешқашан әкем деп есептемеймін. Мен үшін Джеки Чан атақты жұлдыздардың бірі»,  – деп актердің қызы қысқа қайырған.


Естеріңізге сала кетейік, 1998 жылы Джеки Чан Гонконгтағы сұлулық байқауында жеңіске жеткен Элейн У Цилимен әуей болып, соңында өмірге нәресте келген еді. Джеки Чан Элейн У Цилимен арада ортақ қыздары бар екенін көпшілік алдында мойындаған-ды. Ал қыздың анасы болса атақты актермен кездесуін өміріндегі үлкен қателіктерінің бірі санайтынын айтқаны есімізде. Енді сол қыз бойжетіп, әкесіне деген сезім жоқ екенін айтты. Бұл Джеки Чанға ауыр соққы болып тигені анық.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x