Ресей өз әскерін өртейді...

Dalanews 30 мам. 2015 04:51 210

Ресей әскер мәйіттерін жасыру үшін крематори қолданған

Америкалық екі конгрес мүшесі,«Ресей Украина шығысында ұрыста қаза тапқан әскерінің мәйітін жасыру үшін көшпелі крематори (мәйіт өртейтін пеш) қолданды» деп айыптайды.

Бұл мәлімдемелерді АҚШ қарулы күштері комиссиясының мүшесі Mac Thornberry және  Seth Moulton айтты. Екі конгресменде тақырыпқа қатысты  Bloomberg газетіне сұхбат берген. Конгресмендер жақында Украинадағы жағдайды зерттеп қайтқан болатын.

Mac Thornberry Ресейдің бұл көшпелі крематори көмегімен Украинадағы ұрыста қаза болған Ресей әскерлерінің мәйітін жасырғанын айтады. Ресейдің крематори пайдаланудағы мақсаты, Украинада әскерінің болғанын жалғыз әлемнен ғана емес, орыс халқынан да жасыру үшін пайдаланған.

Моултонның айтуынша, Ресей үшін ұрыс аймағында әскерлердің мәйіттерін көму, жасыру турасында мәселе туындаған. Ресей әскерінің мәйіттерін жасыру үшін крематориде жағу «қорқынышты әрі ұят нәрсе» екенін айтады.

АҚШ конгрес мүшелерінің «көшпелі крематори» мәлімдемесі ресми Кремль тарапынан терістелді. Кремльдің хатшысы Дмитрий Песков, «мұндай мәлімдеме авторларының ғана емес, жарыққа шығарған БАҚ-тың да естерінен адаспағанына күмәнім бар» деді.

«Ресей президенті Владимир Путин қол қойған "бейбіт уақыттағы арнайы операция кезінде қаза тапқандар" туралы мәліметтерін құпияландырылған қаулы, Украинадағы жағдайға қатысы жоқ», – деді Песков. Бұған дейін қарулы күштердің тек соғыс кезінде қаза тапқан әскерилер туралы мәліметтері ғана құпия болатын.

2014   жылы 23 тамызда Украина аумағында Ресейлік 10 әуе десант сарбаздары ұрыс барысында қолға түскен. Бірақ, Кремль мәлімдемесінде олар шекарадан байқамай өтіп кетті делінген.

Шығыс Украинада үкімет әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері қаза тапқан адам саны 6 мыңнан асып кетті.

Киев Мәскеуді Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдап отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарып келеді.

Назар Тұрықбайұлы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x