Төреғали Төреәлі бізді Ресей экспанциясынан қорғайды – журналист

Dalanews 02 қыр. 2022 06:38 208

Украиндар орыс ықпалынан арылу үшін Ресейді – агрессор, оның әрекетін – басқыншылық деп қабылдау жеткіліксіз екенін түсінді деп жазады белгілі журналист Нұрлан Жұмахан. 


Киев Ресейдің мәдени кеңістігінен біржолата шығып кетті. 

Бұған дейін Украина билігі телеарналардың Ресей фильмдерін көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салғаны есімізде. Бірақ Ресейге тұмсығын созып, жел қармайтын кейбір телеарналар ескі "әдетіне" басып,  жаңа жыл кезінде "Ирония судьбы" фильмін көрсетіп, бастары дауға қалды.

Биліктің телеараналарға байланысты ұстанған бұл саясаты дұрыс па? Біздіңше, дұрыс. Иә, "Ирония судьбы" фильмінде Путин саясатын насихаттайтын ешқандай эпизодтар жоқ.

Бірақ бұл – фильм кеңестік замандағы мәдениет пен құндылықтарды насихаттайтын, украиндықтарға кезінде кеңестің жүйенің бір пұшпағы болғанын еске салатын туынды емес пе?

Ойлаңызшы, орыстардан біраз зәбір көрген Польша билігі дәл осы фильм өте керемет өнер туындысы болса да, эфиріне жіберер ме еді? Поляктарда бұл фильмді мүлде көрсетпейді.

Міне, Украина (біз де) Ресей ықпалынан арылу үшін оның жақсы, жаман дүниесінен толықтай арылуы керек.


Осыған дейін Ресей мен Украинаның шоу-бизнесі тонның ішкі бауындай араласып келді. Украинаның әйгілі әншісі София Ротару өзін Алла Пугачеваның басты бәсекелесі санаса, рок бағытында ән айтатын «Океан Эльзы» тобы өзінің жүрек тебірентер әндерін орыс тілінде шырқап келеді.

Ал «Верка Сердючка» болып Ресейдегі мыңдаған көрермендердің жүрегіне жол тапқан, Андрей Данилко былайғы жұрт орыстардың әртісі деп танитыны белгілі.  

Қазақта орысқа қарсы иммунитет қалыптасты


Ал Қазақстанда мұның бірі де жоқ. Кеңес заманының өзінде орыстар қазақтарды кемсітіп, төбеден түйгіштеп отырды. Міне, соның пайдасын бүгін көретін мүмкіндік туып келеді.

Орыстардың Қазақстанда мәдени ахуалдың қай бағытта дамып жатқанын білмеуі, Кремльдің бізге бағыттаған идеологиясымен тиімді күресетін мүмкіндікке ие болып, иммунитет қалыптасып келеді.  

Біреулер «Қайрат Нұртастың Нюшамен қосылып ән айтып, орыс мәдениетінің шашбауын көтерді» деп айтып жүргенін білеміз. Бұл жерде қайта Қайрат Нюшаны пайдаланып, еліміздегі орыс тілді қауымның назарын өзіне аударуға (қазақ шоу-бизнесіне) тырысқанын байқауға болады.

Осылайша біздің Ресеймен арадағы мәдени байланысымыз күн өткен сайын көмескі тартып келеді.

Қандасымыз Арман Давлетьяровтың Астанада «МУЗ-ТВ» байқауын ұйымдастыруы қазақтілді аудиторияның қолдауына ие болған жоқ.

Сол кезде Сәкен Майғазиевтің: "Бұған, біз бармаймыз! Премиясы өзіне, ол қазақтың «МузАРТ»-қа деген махаббатынан биік емес. Қазақтың мәдениетін, халықтық музыкасын, дәстүрлі әнін дәріптеу, міне, бізге осы абырой!», – деп кесіп айтқанынан орыстың шоу-бизнесі қазақ топырағында өркен жаю мүмкіндігінен толықтай айырылғанын байқауға болады.


Ресейдің әйгілі байқауы «МузАРТ-ты» қызықтырмаса, іргедегі көршіміздің мәдени экспансиясы әрқашан сәтсіздікке ұшырайтынын бағамдауға болады.

Бүгінгі қазақ қоғамы үшін Төрештің айналасында болып жатқан оқиғалар қызықты.


Сондықтан Төреғалидың әрбір әні, әрбір PR қадамы бізді Ресейден алыстатып, оның мәдени экспансиясынан қорғайтынын ешқашан естен шығармауымыз керек.

Бүгінгі біздің шоу-бизнесіміз (оның сапасы жайында сөз басқа), тойшыл қауымымыз орыс мәдениетінен бізді күн өткен сайын алыстатуда. Қазір кейбір орыстардың өздері домбыра шертіп, қазақ тілінде попурий айтып, қазақыланып жатқанын бәріміз білеміз. Сондықтан қазақ шоу-бизнесінің қазанын қайнатып жүрген Төреш бастаған әншілерімізге алғыс айтуымыз керек.

    

https://dalanews.kz/del-qazir/81104-zhemqorlardyng-kapitaly-igi-maqsatqa-zh

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x