Жезқазған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жезқазған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ахмет Сыздыманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Жезқазған қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ахмет Смағұлұлы Сыздыманов бұған дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік 1991 жылғы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Ахмет Сыздымановтың екі жоғары білімі бар. 2013 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ал 2015 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінде «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014 жылы Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету агенті болып бастаған.

Кейін әр жылдары «Bekairkz» ЖШС-де, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» мекемесінде және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де түрлі қызметтер атқарған.

2022–2024 жылдары Жезқазған қаласындағы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнында» басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Атап айтқанда, аталған мекемеде директордың орынбасары және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болған.

Одан кейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

Енді Ахмет Сыздыманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары ретінде қызметін жалғастырады.

Әзірге оның жаңа қызметінде нақты қандай салаларға жетекшілік ететіні туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.