Зейнетақы қорының жұмысы жақсарып келеді

Dalanews 24 қар. 2017 05:27 802

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тікелей, қашықтан және өз бетінше қызмет көрсету жүйелерін дамыту, зейнетақы қызметтерінің белгіленген стандарттарын сақтау және әлеуметтік тәуекелдерді ескере отырып, бизнес-үдерістердің үздіксіз қызметін жүргізу арқылы зейнетақы қызметтеріне қолжетімділікті бірдей қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Таяу уақытта зейнетақылық қызметтердің барлық түрін электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Қор электрондық сервистерді дамыту және ілгерілету жұмыстарын жалғастыратын болады. Бүгінгі таңда электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы шамамен 40 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу көзделген.

Бұдан басқа, қор электрондық қызметтерге қолжетімділікті оңайлату мақсатында екінші деңгейдегі банктердің инфрақұрылымдарын – интернет-банкинг пен банкоматтар желісін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту аясында қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын орналастыру жобасын жүзеге асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қордың ресми сайтында биыл іске қосылған қызметтердің көпшілігін келесі жылы Электрондық үкімет порталы мен қордың ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар