Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдары азаматтарды банк шоттарына қол жеткізу мүмкіндігін заңсыз беруге тарту арқылы оларды кейіннен алаяқтық схемаларда пайдалануды ұйымдастырған екі топтың заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Аталған санаттағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі шаралар шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 7-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 12 эпизоды анықталды. Алаяқтық әрекеттер салдарынан азаматтарға келтірілген жалпы материалдық залал 22 млн теңгеден асты.
Қылмыстық істердің бірі бойынша 2026 жылғы 1 маусымда сот 6 сотталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды. Оларға 1 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді. Екінші қылмыстық іс соттың қарауында.
Биыл Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша 31 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 16 іс сотқа жолданды. Қалған істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.