Жапонияда жойқын тайфуннан 9 адам қаза тапты

Жапонияда жойқын тайфуннан 9 адам қаза тапты
видео кадры

Жапонияның шығыс өңірлеріне соққан қуатты «Дуцзюань» тайфуны нөсер жауын, қатты жел мен көшкінге себеп болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан тоғыз адам көз жұмып, төрт адам із-түзсіз жоғалған. Тағы кемінде 22 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тайфун ондаған тұрғын үйді қиратып, жүздеген ғимаратты су басқан. Қазіргі уақытта Токио мен оған жақын аудандардағы шамамен 45 мың отбасы әлі де электр жарығынсыз отыр.

Дауыл ең күшті кезеңіне жеткен кезде билік қауіптің ең жоғары деңгейін жариялап, 1,9 миллион адамды шұғыл эвакуациялауға шақырған.

Қазір «Дуцзюань» тайфуны Тынық мұхитына қарай ойысқанымен, зардап шеккен префектураларда іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.