Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі жазбасында рингті сағынғанын айтып, келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Боксшының айтуынша, ол алғаш рет алты жасында қолғап киіп, содан бері 27 жыл бойы спорттан қол үзбеген.
«Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес. Төрт бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп», – деп жазды Әлімханұлы.
Сонымен қатар ол жанкүйерлердің де оның жекпе-жектерін сағынғанын білетінін атап өтті.
«Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін. Бұйыртса, желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын», – деді боксшы.
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін желтоқсан айына жоспарлап отырғанын жеткізді.
2025 жылғы желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған еді.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.