Жаңбыр, жел, найзағай: 4 маусымда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, жел, найзағай: 4 маусымда ауа райы қандай болады?
depositphotos.com

Қазгидромет алдағы күндері ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 4-6 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

4 маусымда батыста, 4-5 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте, ал 6 маусымда оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауады. Тек еліміздің шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ауа температурасы +22...+30 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-шығыс пен шығыста да ауа температурасы +30...+37 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде +25...+33 градус шамасында болады.