Заң және тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова “Тәртіпті өзіңнен баста!” акциясын бастауға шақырды

Қаракөз Амантай 08 қар. 2024 15:50 4338

Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форумда Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова отбасы институтын қолдау, жастарды тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу секілді бастамалардың ерекше маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ең алдымен, Аймағанова Аналар кеңесін мерейтойымен құттықтай отырып, оның қоғамдағы беделді ұйымдардың біріне айналғанын атап өтті. Ол кеңестің ел көлемінде өз қолдаушыларын тапқанын және басты мақсаты ретінде ұлттық денсаулық, тәрбие, ынтымақ пен бірлікті атап көрсетті.

“Баршаңызды Қазақстан халқыАссамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Осы 10 жыл ішінде Аналар кеңесі еліміздегібеделді қоғамдық институттардың бірінеайналды. Ұйымның өңірлерде өз көшбасшыларымен қолдаушылары қалыптасты. Бүгіндеолардың басын біріктіретін бір ғана мүдде бар. Ол – ұлттың саулығы мен тәрбиесі, ынтымағы мен бірлігі.

Сіздердің отбасы институтын сақтау мен нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жастарарасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуғаарналған бастамаларыңыздың маңызын ерекшеатап өткім келеді.

Аналар кеңесінің мүшелері әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, оны шешуге белсене қатысуда. Оның ішінде құқықтық тәрбие беру мәселесі де бар”, - деді ол.

Сонымен қатар ол жастар арасында құқық бұзушылықтың көбеюіне алаңдаушылық танытты.

“Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады.

Мен прокуратура қызметкері ретінде күн сайын осындай істердің куәсімін. Бұл бізге моральдық-психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз, екінші жағынан заңгер ретінде жаның ауырады. Қалайдесек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз. Бірақ, неге біздің балалар заң бұзады? Неге қатыгездік танытады? Осы ойлар көп мазалайды мені, осы ойлардан бір түйгенім, отбасында тәрбие құлдырап тұр. "Ел боламын десең бесігінді түзе" деп айтқан Мухтар Әуэзов. Ендеше, отбасына бет бұрайық.”, - деді прокурор.

Осы тұста ол халықты қоғамда құқықтық мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысуға шақырды. Осылайша, Аналар кеңесі аясында “Тәртіпті өзіңнен баста” қоғамдық акциясын бастауды ұсынды.

"Оның басты мақсаты –жастар арасында құқықтық мәдениеттіқалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіпүстемдігін насихаттау.

Осы арқылы жастарды құқықбұзушылық кеселдерден аулақ болуға тәрбиелейміз.

"Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсізел болмайды", - деген даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы.

Сөз соңында заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетіміздеәділеттілік пен тұрақтылықты биік қоюға әр азамат, әр отбасы өз үлесін қосуға міндетті екенін атап өткім келеді”, - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар