Исабековтың мұнысы қалай?

Dalanews 21 сәу. 2017 06:33 815

 Назарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездескен еді кеше. Бұған белгілі қаламгерлер Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысқан. Журналист Ұларбек Дәлейұлы осы кездесуде шетелдегі қандастарға қатысты пікір айтқан Дулат Исабековтың сөзін сынға алыпты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кешегі кездесуде Дулат Исабек ағам: «Шетелдегі қандастардың бәсекеге қабілеттілерін әкелейік», – деген сарында айтқан әңгімесі «сасқан үйректің» сөзі ме, әлде, шынымен солай ойлай ма?
Бұл сөзден келіп шығар мағына – «шетелде жүрген 5 миллион Қазақтың оқыған, еңбекке жарамдыларын ғана Елге әкелейік, қалған шал-шауқан, кемпір-кешектер, оқымаған, бәлен баласы бар, бірақ қаражаты жоқ дәрменсіз жұрт сонда қала берсін» дегенге саяды.

ҰЛТ ұғымын барша Қазақ құрамаушы ма еді?

Қартайған ата-анасын, ауылдағы оқымаған аға-інісін тастап, сопайып жалғыздан-жалғыз келіп, кім опа таппақ мұнда?
Көзіме күллі жұртқа даңқы кеткен абыз жазушыдан гөрі, тайға мінуге ғана шамасы келетін он жасар бала елестеп кетті..." деді журналист.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар