Ингушетия қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салды

Көркем Алдабергенова 22 жел. 2025 15:01

Ингушетия Мәдениет министрлігі режиссер Амур Амерхановтың 1944 жылғы кеңестік депортациядан кейін ингуш халқының Отанына оралуына арналған «Хат» фильмін республика аумағында көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоба Ресей Мәдениет министрлігі тарапынан мақұлданып, федералдық грант алған болатын.

Фильмде кеңестік биліктің депортация кезіндегі рөлі сыналғандықтан, жұмыс барысында оны қаралау әрекеттері болған. Республикада көрсетілмесе де, фильм Ресейдің кей өңірлері мен шетелде көрсетілген, соның ішінде халықаралық кинофестивальдерге іріктелген.

Фильм нақты оқиғаларға негізделген: ингуш коммунистері Леонид Брежневке хат жеткізеді, сапар барысында оларды жас онкохирург еріп жүреді. Картинада басты кейіпкердің балалық шағы мен Қазақстанға жер аударылған кезеңі көрсетіледі.

Еске салсақ, 1944 жылы 500 мың шешен-ингуш Қазақстан мен Қырғызстанға күштеп жер аударылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар