Үш сағат жұмыста болмағаны үшін жұмыстан шығарылған оралдық азамат 2 миллион теңге өндіріп алды

Үш сағат жұмыста болмағаны үшін жұмыстан шығарылған оралдық азамат 2 миллион теңге өндіріп алды
gov.kz

Оралда жұмыс орнында үш сағаттан аса уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарылған қызметкер сот арқылы қызметіне қайта оралып, 2,3 миллион теңгеден аса өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан аса уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарған. Алайда тәртіптік жаза қолданар алдында одан жазбаша түсініктеме талап етпеген. Еңбек заңнамасына сәйкес бұл - міндетті рәсім.

"Сот жұмыс берушінің әрекеті еңбек заңнамасы талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп таныды", - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен қызметкер бұрынғы лауазымына қайта оралды. Сондай-ақ6 оған амалсыз жұмыссыз жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің көмегіне жұмсалған 350 мың теңге өндіріп беру міндеттелді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.