Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру және оны түзету тәртібі өзгеруі мүмкін. Ішкі істер министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жобаға сәйкес, ЖСН рәсімдеу немесе бұрын берілген нөмірге түзету енгізу кезінде өтініш берушінің Қазақстанда болу немесе тұру заңдылығы тексеріледі. Ол үшін азамат туралы мәліметтер иммигранттардың эталондық деректер базасымен салыстырылады.
Ведомствоның түсіндіруінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға және шетел азаматтарының елде заңды болуын тексеруге мүмкіндік береді.
Өзгерістер Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №258 бұйрығымен бекітілген ережелерге енгізілмек.
Құжаттың қоғамдық талқылауы 2026 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады. Демек, әзірге бұл ұсыныс, жаңа талаптардың қабылданғаны туралы ақпарат жоқ.