Алдағы уақытта ел азаматтары АЭС салуға қатысты рефрендумға қатысып, өзінің таңдауын жасайтын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Қазақстан халқына арнаға Жолдауында 6 қазан күні АЭС салуға қатысты рефрендумның өтетінін хабарлады. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атом энергетикасын дамытудың маңызы зор. Жалпы, Қазақстан АЭС салу мәселесі соңғы 2-3 жылдың бедерінде белсенді талқылап келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген талқылаулар өтті. Қоғамдық мәні зор осы іске қоғамдық ұйымдардың белсене қатысқанын білеміз. Осы ретте еліміз бойынша мыңдаған ұйымның басын біріктіріп отырған Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымының президенті Бану Нұрғазиева АЭС салу бойынша ойын ортаға салды. Өйткені аталмыш ұйым жер-жерде өткен АЭС салауға қатысты қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруышалрдың бірі болды.
– Бану ханым, сіздер ел ішінде өткен қоғамдық талқылаулардың бел ортасында жүрдіңіздер. Жалпы, қоғамдық талқылаулар қалай өтті?
– Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымы еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп отырған үлкен альянс. Сондықтан біздер елімізде АЭС салуға қатысты қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға белсене қатыстық. Бұл бағыттағы жұмыстармен араласып келе жатқанымызға біраз жылдың жүзі болды.
Біздің альянсқа қоғамдық өмірімізде түрлі салалардың мәселесін көтеріп жүрген ұйымдар кіреді.. Айталық, елімізде АЭС салу мәселесінде экологиялық ұйымдар көптеген көмегін тигізді деп айта аламын. Осы ретте біздер экология, энергетика саласы мамандарының басын қосып, көптеген жерлерде қоғамдық талқылаулар өткіздік.
Сол кезде көпшілік АЭС-ке қатысты көңілін күпті қылған сауалдарын мамандарға тікелей қойып, тұщымды жауап алды. Осындай білікті мамандар қатысқан талқылауларда халық олардың пікірін көңіл қойып тыңдағанына куә болдым.
– Қоғамдық талқылауларда халық АЭС салуға қатысты қандай сұрақтарды көбірек қойды? Жұртты қандай мәселелер толғандырады, соны айтыңызшы?
– Бірден айтуымыз керек. Осындай талықлаулардан кейін халық атом энергетикасына қатысты фобиясын жеңіп, АЭС салу мәселесін дұрыс қабылдай бастады. Бұл қуанарлық жағдай. Бұл ретте көпшілік мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып жауап алуы жұрттың АЭС-ке қатысты ой-пікірін көп өзгертті десем болады.
Қазір халық АЭС салудың маңызын түсініп отыр. Бірақ көпшілік АЭС-тің еліміздің экологиялық ахуалына қаншалықты әсер ететіне алаңдайтынын байқадым.
Қоғамдық талқылауларда экология мәселесі бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Айталық, қоғамдық талқылауларда АЭС-ке пайдаланылатын отынның қалдықтардың қалай сақталатынын білгісі келетіндерін айшып айтты. Өз кезегінде эколог, энергетик мамандар ядролық қалдықтардың қауіпсіз сақтаудың тәртібін түсіндіріп берді.
Сонымен қатар болашақта ядролық қалдықтардың өзін екі-үш қайтара пайдаланудың технологиясы пайда болып жатқанын айтып, қалдықтың өзі стратегиялық отын екенін айтқанда, көпшілік АЭС-тің әлдекімдер айтқандай қорқынышты дүние емес екенін түсіндірді. Жалпы, халық арасында АЭС салуға қатысты консенсус пайда болды деп нық сеніммен айта аламын.
– Қоғамдық талқылауларда АЭС салуға қарсылық танытқандар да болған шығар?
– Әрине, ондай адамдар да болды.
– Сонда олар қандай уәж айтады?
– Олар атом энергетикасы қоршаған ортаға кері әсер ететінін алға тартып, өз ойларын айтуғатырысты. Өз сөздерінде Чернобыль мен Фукисима АЭС-індегі орын алған апаттарды айтқан болды. Бірақ мамандар оларға қазіргі реакторлар мен сол кездегі рекаторлардың арасы жер мен көктей екенін айтып түсіндірді.
Бірақ өзін көрсетіп қалғысы келетін біраз аадамдар мамандардың уәжін тыңдағысы келемеген сыңай танытты. Қарапайым халық олардың ой-пікірін қолдамады.
– Сіздің әңгіме ауаныңыздан қоғамдық талқылаулар да халық елімізде АЭС салуды қолдап отырғанын байқадық.
– Иә, жұрттың көпшілігі атом энергетикасын дамытуды қолдауда. Бүгінде ел экономикасы дамып, қуат көзіне деген мұқтаждық артып келеді. Ал мұны АЭС салып алдын алмасақ, басқа амал жоқ.
Әдетте қазақтың кең жерінде бірнеше Франция сыйып кетеді деп көкірегімізді мақтаныш сезімі керенйді ғой. Бүгін біздер мысалға келтіретін Францияда 56 реактор жұмыс істеп тұр. Француздар өздеріне қажетті электр энергиясының 71%-ын осы атом энергетикасынан алып отыр.
Іргеміздегі Қытай да атом энергетикасын дамытуға баса мән беруде. Жақын болашақта қытайлар 150 АЭС салып, энергетикалық қауіпсіздігін біржолата шешуді көздеуде.
Соңғы уақыттары атом энергетикасы жасыл энергетиканың басты көзіне айналып отыр. Көмір жағып, ауаға улы заттарды таратқанша таза атом энергетикасын өркендетуіміз керек. Мұны халық та түсініп отыр. Алдағы рефрендум кезінде халық дұрыс таңдау жасайтына сенімдімін.
– Әңгімеңізге рахмет!