Вячеслав Ким "Батыс транзит" АҚ басқармасының құрамына алынды

Кәмшат Тілеухан 09 қаз. 2025 10:33

"Батыс транзит" АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі шешімімен Вячеслав Ким компания басқармасының құрамына енді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына ұсынылған хабарламада айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар Вячеслав Ким компанияның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Осылайша "Батыс транзит" басқармасының құрамы бес адамнан тұратын болды:

  1. Дархан Мәуітқанов, басқарма төрағасы;
  2. Қали Қалиев, басқарма мүшесі;
  3. Қуат Айтмұхаметов, басқарма мүшесі;
  4. Бағлан Сафарбекова, басқарма мүшесі;
  5. Вячеслав Ким, басқарма мүшесі.

"Батыс транзит" АҚ 2005 жылы қарашада ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша "Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісінің құрылысы"жобасын іске асыру үшін құрылды. 

"Батыс транзит" АҚ қызметінің негізгі түрлері:

  • электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсету;
  • электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, "Батыс транзит" АҚ акциялары пакетінің 80%-ы, яғни 24 000 данасы "Мехэнергострой" ЖШС-ға тиесілі, қалған 6 000 данасы ( 20% ) "KEGOC"АҚ-ға тиесілі.

Айта кетсек, 2025 жылы шілде айында банкті кәсіпкер Вячеслав Ким сатып алған болатын. Бұған дейін банк Tele2/Altel-мен Jusan Mobile жобасы бойынша жұмысты тоқтатып, ребрендинг жасаған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар