Ури Фридман. Екі ел соғыса ма?

Dalanews 27 қар. 2015 06:10 690

Оның салдары қандай болады?

Түріктің жойғыш ұшағы орыстың әскери ұшағын атып құлатты. Көп болған жоқ. Күні кеше ғана. Себеп?

nt3hbxmlzСебебі, орыстың әскери ұшағы Түркияның әуе кеңістігін бұзған. Бұл соңғы 63 жылда НАТО-ға мүше елдің қандай да бір орыстың ұшағын атып құлатқан алғашқы жағдай екен.

Бұл жағдай Сириядағы дағдарысқа кері әсер етуі мүмкін бе? Мүмкін.

НАТО келісімшартының 5-ші бабында альянсқа мүше елдер ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірге күрес жүргізеді деген. Бірақ, бұл заң 2012 жылы Сирия түріктің әскери ұшағын атып түсіргенде қолданылған жоқ.

Иә, АҚШ бәрін түсінеді. «Түркия өзінің әуе кеңістігін бақылауға құқы бар» дейді. Бірақ, серіктес ретінде Түркияның ИГИЛ-ге және Сириядағы азаматтық соғысқа қатысты қабылдаған шараларына көңілі толмайды. Америка мұны жасырған емес.

Түріктер орыстың әскери ұшағын атып түсірді. Бұл жағдай Сириядағы дағдарыстың аяқталуын тездететін халықаралық келісімшарттардың үзілуіне алып келуі мүмкін. Азаматтық соғысты дипломатиялық жолмен реттеу енді мүмкін болады дегенде осындай оқиғаның орын алуы тараптарды тығырыққа тіреп қойды.

Түркия мен Ресей ше? Бұл екеуінің әрі қарайғы байланысы қалай өрбімек?

Сириядағы дағдарысқа келгенде екі елдің көзқарасы екі түрлі. Ресей – президент Башар Асадты қолдайды. Түркия оппозицияға жақтасады. Түркия ИГИЛ-ге қарсы АҚШ басқаратын әуе компаниясына қосылғаннан кейін орыс пен түрік бітімге келеді деп болжағанбыз.

Бұл екеуінің де аталған компанияға қосылуының түпкі мақсаты тез белгілі болды. Түріктер аймақтағы күрд көтерілісшілерін бомбыласа, Ресей ИГИЛ-мен қоса, Асадқа қарсы шыққан оппозиялық күштерді төпелей бастады. Орыс авиациясы негізінен Түркияның оңтүстігіне жақын орналасқан аймақтарды бомбылауда. Ресейдің Су-24 ұшағы дәл осы арада құлаған-тұғын.

Ең қызығы Ресей Түркияның әуе шекарасын алғаш рет бұзып отырған жоқ. Орыстың әскери ұшақтары өткен айда түріктердің шекарасын бір емес, бірнеше рет бұзған.

Ашуланған Түркия президенті: «Ресеймен арадағы коммерциялық байланысты азайтамыз» десе, НАТО-ның бас хатшысы Түркияға әскер орналастыру қажеттігін айтқан.

Ресей Түркияның ашуына бір емес, бірнеше рет тиді. Алдымен Сирияның солтүстігінде тұратын сириялық түрікмендерді бомбылады. Естуімізше, Ресейге өшіккен түрікмендер түрік әскери ұшағын атып құлатқаннан кейін парашютпен түсіп келе жатқан орыс ұшқышын азаптап өлтірген.

Кейбіреулердің айтуынша, орыстың ұшақтары Түркияның әуе территориясына тегін кірген жоқ. Олар Түркия, НАТО және АҚШ бастаған антиигилдік коалицияның реакциясын тексермек болған.

Ал ИГИЛ соңғы апталарда қатты «құтырды». Ресейдің жолаушылар ұшағын жарып жіберді. Парижде теракт ұйымдастырды. Сайып келгенде мұның бәрі Сириядағы азаматтық соғысты дипломатиялық жолмен шешуге итермеледі.  Ең қызығы, алдағы апталарда Асад пен көтерілісшілердің арасында бейбіт келісім орнауы мүмкін...

Бірақ, айтуға оңай. Көтерілісшілердің арасында «Әхрар-аш-Шам» деп аталатын топ бар. Олар оппозициямен байланыста және оларды Түркия қолдайды.

Мәселе: келіссөздерге осы топ кіре ме, жоқ па? Кіреді десек: бұл топты Түркия, Қатар және Сауд Арабиясы қолдайды. Кірмейді десек: бұл топ Асадтың билігіне және оның одақтасы – Ресейге қарсы соғысып жатыр. Көрдіңіз бе, қандай парадокс.

Түркия мен Ресей тағы да қабақ шытысса қалай болмақ? Білеріміз, түрік пен орыс Сирия жеріндегі «өздерінің» топтарына қолдау білдіруді жалғастыра беретін болса, азаматтық соғыс тоқтамайды.

Қазір сырт күштердің мұндай дағдарыстарға араласу әдісі өзгерген. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында ешбір супердержава кері шегінгісі келмейтін. Өздеріне қарасты топтарды аяғына дейін қаржыландыратын. Әзіргі әлемде мұндай ақша жоқ. Сондықтан державалардың өзі азаматтық соғыстың тезірек аяқталуына мүдделі.

Бір саясаттанушының былай дегені бар: «соғыс дегеніміз – саясаттың басқа жолмен жүретін жалғасы».

Орыстың ұшағы құламай тұрып Сириядағы ахуал қалыпқа келетіндей көрінген, ал қазір қалай болады?...

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар