65 жылдан астам тарихы бар әрі әлемдегі ірі автокөлік өндірушілерінің бірі саналатын халықаралық BAIC концерні Қазақстан нарығына ресми түрде шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
13 тамызда елімізде BAIC автокөліктерінің сатылымы басталды.

Брендтің таныстырылымында күнделікті қала ішінде жүруден бастап, жол талғамайтын бағыттардағы саяхатқа дейінгі түрлі мақсатқа арналған жеті модель ұсынылды.

1-бөлім. Қалалық классика


