4 қазаннан бастап Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтарда сараланған тариф жүйесі енгізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, төлем мөлшері аудандағы көлік қозғалысының қарқыны мен тұрақ орындарына деген сұранысқа қарай белгіленеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көлік жүктемесі төмен аумақтарда автотұрақ құны сағатына 100 теңге болады. Қозғалыс қарқыны орташа аймақтарда 150 теңге алынса, сұраныс жоғары әрі бос орын табу қиын аудандарда сағаттық тариф 200 теңгеге дейін көтеріледі.
Ал ақылы автотұрақтарға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары көліктерін тұрғылықты мекенжайы бойынша бұрынғыдай тегін қоя алады.