"Финалда сәттілік жетпей қалды" - Сметов Азиададан кейін

"Финалда сәттілік жетпей қалды" - Сметов Азиададан кейін
Сали Сабиров

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды. Осылайша, ол күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Спортшы жарыстан кейін тартысты кездесуге баға берді.

"Жапониялық спортшымен бұған дейін белдесіп көрмеген едім. Өте тартысты кездесу болды. Бір сәтте қате жіберіп алдым. Ол сол мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ұпай еншіледі. Екі жыл үзілістен кейін Азия ойындарының финалына шығудың өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Оның үстіне, алғашқы белдесуімнен бастап оңай болған жоқ. Турнир кестесі де жеңіл түскен жоқ. Корея, Моңғолия және Тайбэй елдерінің мықты дзюдошыларымен белдестім. Финалда сәл сәттілік жетіспеді. Әлі де уақыт бар, мықты болып ораламыз. Ең басты мақсатымыз - Олимпиадада тарихты жаңарту. Сонымен қатар, өз елімізде өтетін әлем чемпионаты бар. Өз жерімізде алтын медаль жеңіп алып, еліміздің әнұранын шырқату мақсатымыз", - деді ол.