Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды
Сали Сабиров

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Мицуки Кондомен кездесті. Нәтижесінде Жапония өкілі жеңіске жетті.

Осылайша, Әбиба қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.